Тоқаев ЕАЭО отырысында халықты вакцинациялауға қатысты айтты

21 Мамыр 2021, 16:01
4001
Бөлісу:
Тоқаев ЕАЭО отырысында халықты вакцинациялауға қатысты айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңеске қатысушыларға басты назар аударатын мәселелерді ұсынды.

Менің Жолдауымда Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуіне байланысты интеграцияны дамытудың 5 басымдығы айқылдалған. Біз одақтың тарихында алғашқы стратегиялық құжатты жүзеге асыруды бастадық. Стратегия интеграцияның басым бағыттарын және экономикалық ынтымақтастықтың іс-әрекеттерін айқындап берді, - деді Президент.

Тоқаев одақтың даму стратегиясын сапалы әрі жедел іске асыруды қамтамасыз етудің маңызы зор екенін жеткізді.

Біз халықтың арасында ауру жұқтырудың тоқтату үшін бар күш-жігерді салып жатырмыз. Бұл ең алдымен жаппай вакцинациялаумен байланысты. Осы жылы ақпан айынан бастап ҚР-да халықты ресейлік «Sputnik V» екпесімен вакцинациялау белсенді жүріп жатыр. Ресейдің көмегінің арқасында біздің елімізде осы («Sputnik V» – ред.) препараттың өндірісі жолға қойылды. Бұл табысты, ғылыми-өнеркәсіптік кооперацияның жарқын мысалы, - деді ол.

Президент мұндай тәжірибені басқа да салаға енгізу керектігін айтты.
Біз қосымша отандық QazVac вакцинасын шығардық. Осылайша Қазақстан 10 елдің ішінде вакцина шығарған мемлекеттің бірі болды. Клиникалық зерттеулер нәтижесінде вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталды, - деп айтты Тоқаев.

Мемлекет басшысы вируспен күресте халықты иммунизациялаудың маңызды екенін түсіндіріп өтті.

Өзгелердің жаңалығы