Тоқаев Алматы облысындағы жол апатына қатысты тергеуді өз бақылауына алды

3 Наурыз 2021, 21:29
1496
Бөлісу:
Тоқаев Алматы облысындағы жол апатына қатысты тергеуді өз бақылауына алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегіндегі төрт оқушыны соғып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар,  Президент баспасөз хатшысы осы оқиғаға қатысты өз ойын білдірген еді.
Өзгелердің жаңалығы