Тоқаев Алексей Цойға ескерту жасады

1 Сәуір 2021, 16:09
2071
Бөлісу:
Тоқаев Алексей Цойға ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізіп жатыр. Ақорданың баспасөз қызметінің twitter парақшасындағы отырыстан тікелей мәтіндік трансляция жасалып жатыр. 

Вакцинацияны қатайту абстрактілі мәселе емес... Елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы мәселе тұр. Бұл - біздің азаматтарымыздың қосымша аурушаңдығы мен өлімі. Бұл бизнестің жоғалған кірістері, бюджеттің толық алынбаған салықтары, ұлттық байлықтың жалпы төмендеуі. Еңбек ұжымдарында коронавирустың бірнеше рет өршуін ескере отырып, жеке жұмыс бағыты ретінде бұл кәсіпорындардың, әсіресе, жүйелік және қала құраушы кәсіпорындардың қызметкерлерін белсенді иммундауды қолға алу керек, - деді Тоқаев. 
Президент коронавирусқа қарсы вакциналардың жоғары температуралық сезімталдығы бар екенін айтты. 
Оларды тасымалдаудың, сақтаудың, тікелей егудің барлық аспектілерін нақты қарастырған жөн. Алексей Владимирович, мен осыған дейін қазір Үкіметтегі басты «фигура» денсаулық сақтау министрі екенін айтым. Қазір сіздің құзыретіңіз ерекше болып отыр. Сіз жұмыс істеуді жақсы бастадыңыз. Бірақ қазір жұмыс айналымы бәсеңдеді. Сәуір айында жағдайды қалыпқа келтіруіңіз қажет. Олай болмаған жағдайда сіздің көңіліңізге тиетін кадрлық шешім жүзеге асырылады. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, бүкіл Үкіметке қатысты, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы