Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды

14 Мамыр 2019, 10:41
2468
Бөлісу:
Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

"Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі", - делінген жазбада.
Өзгелердің жаңалығы