Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралардың аңдатпасын ұсынды.
"Биылғы 3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады", - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.
Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.