Бас жаңалықтар
Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты
08 Тамыз 2020, 13:45 460

Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты.

Үндістанның үкіметіне, халқына және премьер-министрі Нарендра Модиге Керала штатында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын, - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, 7 шілдеде Үндістанда Air India әуе компаниясының Express Boeing 737 лоу-костері Керала штатындағы Кожикоде әуежайына апатты жағдайда қонды. 

Үндістан билігінің мәліметінше, жаңбыр кезінде қонған лайнер көлбеу құлағаннан кейін екіге бөлінген. Соңғы деректер бойынша, 20 адам қаза тапқан, 140-тан астам адам жарақат алды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...