Тоқаев: Халықтың Көбейтұз көліне алаңдаушылығы орынды

22 Шілде 2020, 02:14
3048
Бөлісу:
Тоқаев: Халықтың Көбейтұз көліне алаңдаушылығы орынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты халықтың алаңдаушылығы орынды деп санайды. 

Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды. 
Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы