«ТМД үшін 100 идея» байқауында қазақстандық стартап жоба жеңімпазы болды

14 Қазан 2021, 10:10
1786
Бөлісу:
«ТМД үшін 100 идея» байқауында қазақстандық стартап жоба жеңімпазы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда ТМД елдерінің Жастар ісі жөніндегі кеңесі шеңберінде «ТМД үшін 100 идея» байқауының финалдық кезеңі өтті.

Қазылар алқасының шешімімен «ТМД үшін 100 идея» байқауының жеңімпаздары болып түрлі бағыттар мен номинациялар бойынша 12 жоба танылды. 

Авиациялық, ғарыштық және көлік жүйелері номинациясында Көкшетау жоғары техникалық колледжінің 5 курс студенті Каир Әлихан «Таза сутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыш» жобасымен жеңімпаз болып танылды. 

Жалпы, байқауда 11 жас қазақстандық 10 бағыт бойынша өздерінің стартап-жобаларын ұсынды. 

Атап кетейік Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның атынан Ұлттық делегацияны жасақтап, оның құрамына инновациялық идеялары бар талантты жастар кірген болатын. 

Байқаудың финалында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жобалары ұсынылды. Барлық ТМД елінен барлығы 50 өтінім берілді.

Өзгелердің жаңалығы