The Indian Times су астында қалуы мүмкін қалаларды атады
07 Қараша 2021, 14:41 392

The Indian Times су астында қалуы мүмкін қалаларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Климаттың өзгеруіне байланысты қалаларды су басқан жағдайда Амстердам бірінші болып су астына түседі. Сарапшылар қаланы 2030 жылы су басуы мүмкін деп болжайды. 

Бұл туралы korrespondent.net The Indian Times газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Мұндай деректі климаттың зерттеуімен айналысатын Climate Central ұйымының жасады.

Мамандар Нидерландыдағы «төменгі ел» деп аталатын тағы екі қала - Роттердам мен Гаага ықтимал апат аймағында екенін атап өтті.

Тізімде екінші орында Ирактағы Басра қаласы тұр. Ол Парсы шығанағына құятын Шатт-Эль-Араб өзенінде орналасқан.

Келесі-Миссисипи өзенінде орналасқан АҚШ-тағы Жаңа Орлеан. Газеттің жазуынша, су астына кету дренаж каналдарының дамыған жүйесіне қарамастан оған қауіп төндіреді.

Венеция - төртінші орында. Жыл сайын қаладағы жер деңгейі екі мм-ге төмендейді.

Бесінші орында - Вьетнамдағы ең үлкен қала Хошимин.

Алтыншы орында Үндістандағы Колкутта қаласы орналасқан. Газет жазғандай, қала 2030 жылға дейін су астында қалуы мүмкін.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...