Тез тот басатын автомобильдер белгілі болды

24 Қаңтар 2021, 12:54
9875
Бөлісу:
 Тез тот басатын автомобильдер белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Сарапшылар тот тез басатын автомобильдерді атады. Бұл туралы lenta.ru РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, коррозияға қарсы ең төменгі қорғаныс машинасы - ресейлік «Патриот» УАЗ жол талғамайтын көлігі. Мамандар тот тіпті 2018 жылға дейін шығарылған жаңа автомобильдерден де табылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, «бірнеше қыстан кейін» тот пайда болуы мүмкін машиналардың қатарына Lada Granta, Renault Logan және Sandero кірді. Басылымның мәліметінше, коррозияға қарсы ең төменгі қорғанысы бар арзан кроссоверлердің ішінде Skoda Yeti-ді, ал орташа баға сегментінен жапондық Mazda 6-ны атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы