Теңге бағамының әлісеруіне не себеп?

29 Қазан 2020, 11:37
1874
Бөлісу:
Теңге бағамының әлісеруіне не себеп?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов түсініктеме берді. 

Бағам өткен жұмадан бері 0,54%-ға әлсіреп, кеше таңертең 430,20 теңге деңгейінен асты. 

Оның айтуынша,  ұлттық валютаға мұнай бағасының төмендеуі ықпал етеді. Brent сұрыпты мұнай бағасы өткен жұмамен салыстырғанда 3%-дан астам төмендеді және бір баррель үшін $40,5 төмен деңгейге жетті. Бағаның төмендеуіне АҚШ, Франция мен Ресейді қоса алғанда бірқатар елде COVID-19-ды жұқтыру жағдайлары санының күрт өсуіне байланысты сұраныстың баяулауы жөніндегі қауіптену де әсер етеді. Ливия ұлттық мұнай корпорациясының мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 1 миллион баррельге дейін қалпына келтіру туралы хабарламасы мұнай бағасына қосымша қысым көрсетті.

АҚШ-тағы шикі мұнай қорының күтілгеннен күшті өсуі туралы жаңалықтар мұнай бағасына қысым көрсетудің қосымша факторы болды, бұл «Зета» дауылының салдарынан жеткізудегі үзілістерді өтейді. Әлемдік қор нарықтары теріс сентиментті де көрсетеді. Экономиканы қолдау шаралары мен фискалдық шаралар топтамасы бойынша келіссөздердегі үзіліс, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында АҚШ-тың акциялар нарығы сауда-саттықтың соңғы үш күнінде құлдырауда. Еуропа нарықтары сырқаттанушылар санының өсуіне байланысты енгізілген шектеу шаралары аясында төмендеуде, - деп түсіндірді ол.

Осының аясында дамушы елдердің тәуекелді активтерге сұранысының төмендеуі байқалады. Жұмамен салыстырғанда Мексика песосы долларға шаққанда 0,7%-ға, Ресей рублі 1,5%-ға, Бразилия реалы 1,6%-ға, ал Түркия лирасы 2,9%-ға әлсіреді. Түрік лирасының бағамы Түркияның Франциямен қарым-қатынасындағы шиеленістерге және орталық банктің негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз сақтау туралы шешіміне байланысты рекордтық минимумды жаңартты. Ресей рублі салық аптасы аяқталғаннан кейін және дамушы елдер нарықтарындағы жалпы үрдістен кейін әлсіреді. Бюджеттік қағидалар және Сбербанк акциялары бойынша мәміледен валюта қалдығын сату шеңберіндегі тұрақты операциялардан басқа, РФ ОБ 26 қазаннан бастап Қаржы министрлігінің «Аэрофлот» ЖАҚ акцияларымен мәмілесі шеңберінде валютаны қосымша сатуға кірісті.

Теңгенің айырбастау бағамы сыртқы іргелі факторлардың әсерінен қалыптасты және энергия тасымалдаушылар нарықтарындағы және дамушы елдер нарықтарындағы негізгі үрдістерге сәйкес келетін серпінді көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы