Теміржолшыларға қосымша ақы төленді

31 Қаңтар 2019, 15:03
3083
Бөлісу:
Теміржолшыларға қосымша ақы төленді

Астана, BAQ.KZ. Достық көлік прокуратурасы Алакөл ауданының 1 337 теміржолшысына 6 млн-нан астам жалақының тиесілі бөлігін төлетуге қол жеткізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл соманың есептелуіне жұмыс берушілер ақ қар, көк мұзда, ауыр ауа райы жағдайларында жұмыс істеген қызметкерлерге қосымша ақы төлемегендігі жайлы дерек негіз болған. Еңбек Кодексінің және Ұжымдық шарт ережесіне сәйкес жұмыс беруші ашық ауада ауа температурасы -25 градустан төмен, +35 градустан жоғары, сондай-ақ -10 градустан төмен боран, қар, жауын кезінде жұмыс атқарған қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге міндетті" - делінген хабарламада. 

Прокурорлық қадағалау актiнің негізінде анықталған заң бұзушылық жойылды, теміржол жұмысшыларына тиісті қосымша ақы толықтай төленді.

Өзгелердің жаңалығы