Теміртауда COVID-19 диагностикасына арналған ПТР-зертхана іске қосылды

20 Шілде 2020, 09:44
1760
Бөлісу:
Теміртауда COVID-19 диагностикасына арналған ПТР-зертхана іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда тәулігіне 1 500 тест жасайтын ПТР-зертхана ашылды. Ол мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зертхана Теміртау жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратында орналасқан. Ол Ресей, Германия, АҚШ және Қытай өндірісінің барлық қажетті заманауи жабдықтарымен жабдықталған. 

Мұнда қаланың стационарлары мен емханаларында алынған тестілер жіберілетін болады. Зертхана "Олимп" КДЗ мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бірлесіп қаржыландыруының арқасында ашылды. Теміртау әкімдігі мен Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы жобаны қолдап, оған үй-жай ұсынды.

Айта кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы коронавируспен күрес шаралары аясында 80 миллион теңге бөлді. 

ПТР-зертханаларының ашылуы осы қиын кезеңде өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз азаматтарымыздың барынша көп санын тестілеумен қамтуға тырысамыз. Қыркүйек айында біздің облыста барлық ірі елді мекендерді қамтитын зертханалар желісі құрылатын болады, - дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. 

Осы жылдың наурыз айынан бері бұл өңірде ашылған төртінші ПТР-зертхана. Келесі нысанды қыркүйек айында Балқашта іске қосу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы