Телемұнараға шығып, түсе алмай қалған жігіт құтқарылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында телемұнараға шығып алған жігіт құтқарылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.</h4>

 17 Қаңтар 2021 2021, 23:43
17 Қаңтар 2021 2021, 23:43
2350

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында телемұнараға шығып алған жігіт құтқарылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жастағы жігіт Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен. Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен. 

Телемұнараға үш құтқарушы шықты. Мамандар жігітті 116 метр биіктен төмен түсірді, - делінген хабарламада.  

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Наверх