Теңіз жаяу бригадасының танкистері ату шеберліктерін көрсетті

25 Қыркүйек 2020, 19:15
1651
Бөлісу:
Теңіз жаяу бригадасының танкистері ату шеберліктерін көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30-дан астам танк экипаждары Ақтау гарнизонындағы «Оймаша» полигонында Т-72 танктерінің қару-жарағынан штаттық атыс жүргізді, деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметі.


Сабақтардың негізгі мақсаты экипаждың шеберлігі мен кәсібилігін арттыру, ал тапсырманың нәтижесі экипаждың әрбір мүшесіне байланысты болады.

Экипаждар бақылау оқ атудың бірінші жаттығуын орындады. Оның барысында 1600 метр қашықтан шартты танктер бойынша 900 метрге дейінгі қашықтан автомобильде қол танкіге қарсы гранатаатқыш пен серпілмейтін зеңбірек және 700 метрден қол танкіге қарсы гранатаатқышпен оқ атуды жүргізді.

танк2.jpg

Бұл жаттығулар белгіленген уақытқа сәйкес қатаң түрде орындалды. Сонымен қатар, танкішілер бірнеше оқу жаттығу орындарын әзірледі.

Ату нәтижелері бойынша танкішілер жақсы нәтижелер көрсетті. Олар өз саласында құнды тәжірибе жинады, айта кетейік, жаттығу, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізілді, - деп атап өтті бригада командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, гвардия майоры Асылхан Муқушов.
Оқ атулардың қорытындысы бойынша 1-ші танкті ротасының командирі, аға лейтенант Бексұлтан Алдабергеннің экипаждары - аға лейтенант Қосмағамбетов Жамбыл мен аға сержант Дидар Талапов үздік нәтижелер көрсетті. Олардың экипаждары барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық межелерге дөп тигізді.

танк1.jpg

Айта кету керек, Теңіз жаяу әскерлері бригадасының танкішілері жыл сайын Халықаралық Армия ойындарына Қарулы Күштердің үздік танк экипаждары қатарына кіріп, Қазақстанның атынан қатысады.

 


Өзгелердің жаңалығы