#Тәуелсіздік30. Анкарада алғаш рет Түркі жұрты ақындарының айтысы өтіп жатыр

30 Қазан 2021, 18:20
7635
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Анкарада алғаш рет Түркі жұрты ақындарының айтысы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анкараның төрінде қазақ, қырғыз, өзбек, әзербайжан және түрік ақындары айтысы өтіп жатыр. Бұл туралы жас ғалым, әрі осы айтысқа қатысушы ақын Бекарыс Нұриманов хабарлады.

Қазақ пен қырғыз қай заманнан бері айтысып жүр ғой. Бұл жолы түгел түркі болмаса да, біразының басы қосылады, бұйырса. Ең қызығы да - сол болып отыр. Түркі ақындарының басын қосып, айтыстырғалы отырған - Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі - дейді ақын.

Мұны ұйымдастыруға ТҮРКСОЙ-дағы Қазақстан өкілі Бақытжан Омар, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы барын салып кірісіп жатыр. 

Бұл айтыс бұған дейін де жоспарланып еді, сәті енді түсіп отыр. Түркі әлемі мәдени тұрғыда бірігіп, қайта түлеп жатқан тұста айтысқа ерекше мән беруі - өте орынды. Өйткені, сонау көне дәуірден бері бабаларымыз құрған қағанаттарға зер салғанымызда ешбірін жыраусыз елестете алмаймыз. Иоллығ Тегін жырау, Қорқұт Ата, Жүсіп Баласағұн, Сыпыра жырау, Бұқар жырау және т.б. - дейді Бекарыс Нұриманов.

Айтысқа еліміздің Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Әсем Ережеқызы, Бекарыс Нұриманов қатарлы сөз зергерлері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы