Ресей шекарашылары Қазақстаннан жеткен заңсыз тауардың жолын кесті

16 Тамыз 2020, 14:01
1975
Бөлісу:
Ресей шекарашылары Қазақстаннан жеткен заңсыз тауардың жолын кесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара бөлімі Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасында бірнеше заңсыз әрекетті тоқтатты. 

Нақтырақ айтсақ, Қазақстан мен Қырғызстаннан 88 тоннадан астам заңсыз тауар өткізілмек болған. 

Бұл туралы Орынбор облысындағы Россельхознадзор кеңсесінің қызметкерлері хабарлады.  

Қазақстаннан жарамсыз фитосанитариялық сертификаттармен 47,8 тонна жеміс-жидек пен 1,5 тонна сүт өнімдерін өткізуге талпынды. Ал Қырғызстаннан 14,9 тонна жүнді ветеринарлық құжаттарсыз алып өтпек болған, - делінген хабарламада.   

Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Өзгелердің жаңалығы