Алматы, BAQ.KZ. Өзбекстандық бір азамат сумен ағып эвакуация жасалып жатқан "Жеңіс" ауылына жеткен. Бұл туралы "Медиа" ақпарат агенттігінің тілшісі Олжас Мамыр оқиға орнынан хабарлаған.
Мәлімет бойынша, Өзбекстан азаматы өлген жылқыға жармасып тірі қалған. Оны Жеңіс ауылының азаматтары көріп қалып, көмектескен және сол жерден жедел жәрдем ауруханаға жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы "Сордаба" су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы "ЦГК" каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр.