Тараздағы оқиға: білім басқармасының басшысы жұмыстан босатылды

20 Қараша 2019, 09:50
16200
Бөлісу:
Тараздағы оқиға: білім басқармасының басшысы жұмыстан босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында болған жағдайға қатысты бас-аяғы 11 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрадин Рақай хабарлады.

Тараз қаласы ПБ ЖПҚ бастығы полиция полковнигі С.М.Мамытбеков, ПБ 2-ПБ бастығы полиция полковнигі Д.Ө.Мұсаев, ПБ 2-ПБ 2-ПБ бастығы полиция подполковнигі Н. М.Төлеуішов, ПБ 2-ПБ ювеналдық полиция жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Е.В.Юринаға қатаң сөгіс жарияланған.

Жалпы білім беретін мекемелерге бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Н.К.Рысбаев ішкі істер органдарынан шығарылды. Білім саласы бойынша аталмыш оқу орнының мектеп директоры Л.Сманова өз еркімен жұмыстан босатылды. Сонымен қатар, мектеп вахтері Г.Нуршабаева, директордық құқықтық ісі жөніндегі орынбасары А.Узбекова; әжетханаға сұранған оқушыны жіберіп, сабақ біткенше іздемеген физика-математика пәнінің мұғалімі В.Ким; мектеп ішіндегі кезекшілікке жауапты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Байкулова өз өтініштері негізінде қызметтерінен босатылды, - делінген хабарламада.

Қоғамдық резонанс тудырған мәселеге байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы да өз еркімен жұмыстан босатылды.

Еске сала кетейік, Таразда 7-сынып оқушысын 38 жастағы ер адам зорлаған болатын. Қаскөйден қорлық көрген оқушы ауруханаға жатқызылған болатын.  Сондай-ақ, директор және орынбасары, мұғалім, вахтер жұмыстан босатылған еді.



Өзгелердің жаңалығы