Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясы хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен босатылды. Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін»,- делінген Бауыржан Байбектің Twitter-індегі хабарламасында.
Оқи отырыңыз: