Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер қандай да бір азық-түлік түріне деген әуестік жасырын аурудың себепкері болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады РИА «ФАН».
Олардың айтуынша, бір азық-түлік өнімінің түрін жеуге құмарту адамның тамақтану әдеттеріне байланысты бола бермейді.
Керісінше, кей жағдайда бірқатар витамин мен микроэлементтердің жетіспейтінін айғақтайды.
Мәселен, тәттіге әуестену асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылғандығын көрсетеді. Сарапшылардың сөзінше, қант кандидоз ауруын туындататын саңырауқұлақты өз бойына көптеп сіңіреді. Сол себепті тәттіге аса құмар адамдар асқазаны мен ішек жолдарын тексертіп тұрғаны абзал.
Ал тұзды тағаммен тамақтануға әуестену несеп-жыныс жүйесінің созылмалы аурулары туындаған кезде немесе иммунитеті төмендегенінен болуы мүмкін.
Сонымен қатар, мамандар ащы және дәмдеуіштері көп азық-түлікке әуес адамдар туралы айтты. Олардың сөзінше, мұндай адамдар вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдап жүргені дұрыс.
Дәрігерлердің деректеріне сүйенсек, пияз бен қышаны (горчица) көп жейтін адамдардың ағзасына вирусқа қарсы әсері жоғары фитонцидтер жетіспейтінін білдіреді.
Сондай-ақ, шекілдеуік пен жаңғаққа жаны құмар адамдардың ағзасында E витамині тапшы болуы мүмкін.