Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Такси" фильмінде ойнаған фрнацуз актері Сами Насери Абайдың өлеңін оқып, #абай175жыл эстафетасын қолдады.
Актердің өлең оқыған видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Насери оған эстафетаны Франциядағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Мұрагер Сауранбаев бергенін айтты.
"Сәлем, менің атым Насери. Франция актерімін. Досым Мұрагер маған эстафетаны ұсынды, қабыл алдым. Енді мен бұл эстафетаны атақты боксшы GGG Геннадий Головкинге жолдаймын», - деді Сами Насери.
"Такси" фильмінің жұлдызы француз тілінде "Сағаттың шықылдағы емес ермек" өлеңін оқыды.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ләйлім Шырақ есімді кішкентай қыздың эстафетасын қабылдап, Instagram-да видео жариялаған болатын. Эстафетаға білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов пен Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысты. Кейін қазақстандық челленджге Димаш Құдайберген қосылып, эстафетаны Украин және Ресей композиторы Игорь Крутойға тапсырды. Белгілі музыкант эстафетаны қабылдады.