Түймебаев жаңа челленджді бастап берді

11 Желтоқсан 2019, 17:33
3249
Бөлісу:
Түймебаев жаңа челленджді бастап берді
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді қолдау мен дамыту мақсатында қазақ тілін еркін меңгерген түрлі ұлт өкілдері мен жалпы халық арасында "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" челленджін бастады. 

Эстафетаны ресми түрде Жансейіт Түймебаев Алматы қаласы этно-мәдени бірлестіктеріне жолдады. 

Тілге деген құрмет - елге деген құрмет. Бірер күннен кейін Тәуелсіздігімізді тойлаймыз. 28 жыл аз уақыт емес. Егемендіктің көрсеткіші - туған тіліміз. Тіліміз ұлтаралық тілге айналғанда ғана мемлекеттік тілдің ғұмыры ұзақ болады. Сондықтан да осы челленджді ұсынамын, - деді Түймебаев.
 
Бұдан басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы жергілікті жерлерде ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Абай 175 челленджінде үздік өнер көрсеткені үшін бірқатар азаматтарға  ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғысхатын тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, Елордада "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форум өтіп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы