Түркиядан 47 мыңнан астам сириялық мигрант кетіп қалды

Реджеп Тайып Ердоғанның шекараны ашамыз деген шешімін жариялағаннан кейін 47 мыңнан астам мигрант Түркия шекарасынан ЕуроОдаққа кетіп қалды. Бұл туралы Түркия ІІМ Сулейман Сойлу 29 ақпанда Twitter парақшасында жазды.

 1 Наурыз 2020 2020, 13:20
1 Наурыз 2020 2020, 13:20
2933

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сириялық мигранттар Түркиядан Грекия және Болгария шекарасындағы Эдирне провинциясы арқылы кетіп жатыр.

Реджеп Тайып Ердоғанның шекараны ашамыз деген шешімін жариялағаннан кейін 47 мыңнан астам мигрант Түркия шекарасынан ЕуроОдаққа кетіп қалды. Бұл туралы Түркия ІІМ Сулейман Сойлу 29 ақпанда Twitter парақшасында жазды.

Сағат 23.50-дегі (сенбі, 29 ақпан – ред.) жағдай бойынша Түркиядан Эдирне арқылы кетіп жатқан мигранттардың саны 47 113 адам болды, деп жазды ол.

Айта кетсек, Түркия президенті Тайып Ердоған сириялық босқындар үшін ЕуроОдақпен шекараның ашылғанын хабарлаған болатын.
Наверх