Бас жаңалықтар
Түркістанда журналистер арасында сайыс өтеді
03 Сәуiр 2019, 17:22 842

Түркістанда журналистер арасында сайыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 сәуірде Түркістан қаласында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында «Жаңарған Түркістан» республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар кызметі хабарлады.

Жарыстың мақсаты – жұртшылықты бұқаралық спортқа баулу, журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, Түркістанды спорт орталығы ретінде дамыту. Сонымен бірге жаңа облыс орталығы – Түркістанның оң имиджін қалыптастыру көзделген.

Дүбірлі бәсеке қарсаңында республикамыздағы беделді телеарналар мен басылымдардың журналистеріне өңірдегі киелі орындар мен кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылады. БАҚ өкілдері Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарын да аралап көреді. Сонымен бірге Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық бокс турнирінің финалдық бәсекелерін тамашалайды.

Бүгінде «Жаңарған Түркістан» республикалық турниріне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, СҚО және Түркістан облысының журналистерінен құралған командалар қатысуға өтініш білдірген.

Турнир 5 сәуірде Түркістандағы «Астана» спорт кешенінде өтеді. Бірінші орын алған командаға 500 мың, екінші орынға – 300 мың, ал, қола жүлдегерге 150 мың теңге тапсырылады. Сондай-ақ турнирдің үздік қақпашысы, шабуылшысы, қорғаушысы және ең мықты ойыншысына марапатталса, тағы 3 ойыншыға О.Жарылғапов, Ә.Нұрмаханов және Б.Саттарханов атындағы арнайы жүлделер тапсырылады.


 



Фото: дереккөз
Загрузка...