Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы оның әріптесі Абу-Кай өзінің Instagram парақшасына жазған.
Абу-Кай мен Жанар осы жылдың көктемінде бірігіп ән жаздырған еді.
"Сене алар емеспін. Ардақты Ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән-жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де мен де естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақкөңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем, әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына, жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазды ол.

Анна Данченко да Instagram парақшасына Жанар туралы жазба қалдырған екен.
«Сене алар емеспін ... Жанар өмірден өтті деген суық хабар келді. Иманды болсын!», - деді ол.