Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда стоматологтың қабылдауынан кейін комаға түсіп қалған бүлдіршін қайтыс болды.
Бұл туралы қыздың анасы Анастасия Зеленая өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
8 қаңтарда кішкентай қыздың анасы Анастасия Зеленая әлеуметтік желідегі парақшасында екі жасар қызының елордадағы стоматологиялық клиникаға барғаннан кейін комаға түсіп қалғанын хабарлады.
Әйелдің айтуынша, 2019 жылы 26 желтоқсанда ол 2,5 жасар қызының тісжегісін емдеу үшін «Доктор Бро» клиникасына қаратқан. Баладан жалпы қан анализі мен коагулограмма алынған. Басқа сынамалар мен талдаулар жүргізілмеген.
Мен үндемей отыра алмаймын. Бір жарым жыл бойы қызымның суретін әлеуметтік желіге салмадым. Бірақ қазір атауын басқаға ауыстырып алған клиникаға барған қызымның жағдайы қандай екенін көрсеткім келеді. Біздің басымыздан өткен ауыртпашылық, Алисаның азап шеккені, менің көз жасым сіздерді жібермейді, өздеріңіздің бастыраңызға келеді. Алисаны көтергенімнен 13 аптасынан бастап, босанғанша қиналдым. Неге менің қызым осындай жағдайға тап болды? Біз өз қайғымызбен жеке қалдық. Сіздердің ар-ұяттарыңыз қайда?, - деп жазды ашынған ана әлеуметтік желідегі парақшасында.
Салдарынан стоматологиялық клиниканы тексеру барысында онда бірқатар олқылық анықталған.