Стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын жасақтау жоспарлануда

30 Маусым 2020, 12:34
3169
Бөлісу:
Стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын жасақтау жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.

Бұл вирус ағымының ерекшелігі пациенттер стационарлық емдеуді және жасанды жолмен тыныс алуды қажет етеді. Бүгінде ел бойынша стационарлық төсек-орын саны 60%-ды құрайды, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 90%. Ел бойынша 348 медициналық ұйымда COVID-19 бар пациенттерді емдеу үшін 26 мың төсек-орын жасақталды. Тұтас ел бойынша биыл тамыз айының соңына дейін құрылымында жабдықталған реанимациялық бөлімшелер мен өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары орналасқан қарқынды терапия палаталары бар стационарларда 10 мың төсек-орын қою жоспарлануда. Қолданыстағы ӨЖЖ аппаратының жалпы саны 3294 бірлікті құрайды, соңғы айда 978 аппарат сатып алынды. Қосымша тағы 1 мыңға жуық ӨЖЖ аппаратын сатып алу жоспарланып отыр, - деді министр.

Министр брифинг барысында вирустан қаза болғандарды жерлеу тәртібіне өзгерістер енгізілгенін айтты. Енді мәйіттерді санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез келген зиратта жерлеуге рұқсат.

Ол халық арасында санитарлық нормалардың тиісті деңгейде сақталмайтынына да тоқталды.

Біз санитарлық нормалардың бес алтын ережесін жақсы білеміз: маска тағу, қолғап кию, қол жуу, арақашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болу, кездесу кезінде қол беріп амандаспау және құшақтаспау. Іс жүзінде біз азаматтардың бұл шараларды әрдайым сақтамайтынын және барлық жерде сақталмайтынын байқадық. Бұл нормаларды қатаң ұстану жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайтынын естен шығармау керек, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы