Бас жаңалықтар
Стамбұлға ұшатын рейстер саны көбейеді
12 Мамыр 2021, 11:12 304

Стамбұлға ұшатын рейстер саны көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия-Қазақстан арасында Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуе компанияларының рейстері ашылады.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан – Стамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Стамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Атап айтқанда, Turkish Airlines әуе компаниясы 2021 жылғы 22 мамырдан бастап Түркістан – Стамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет (6-күндері) орындалады.

Сонымен қатар түріктердің Pegasus Airlines әуе тасымалдаушысы 2021 жылғы 23 мамырдан бастап Шымкент және Стамбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рейс (7 күн бойынша) орындалады.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...