СПУТНИК-V вакцинасын күтудеміз – Алматы Денсаулық басқармасы

27 Қаңтар 2021, 16:49
1840
Бөлісу:
СПУТНИК-V вакцинасын күтудеміз – Алматы Денсаулық басқармасы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. СПУТНИК-V вакцинасының түсуін күтудеміз. Қаңтар айының соңында Алматыға вакцинаның 1 450 дозасы жеткізіледі.Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты.

Басқарма басшысы 1 ақпаннан бастап жүргізілетін вакцинация мәселесі толғандырып отырғанын жеткізді.

Вакцинация жүргізілетін емханаларда сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтар мен қоймадан вакцинация кабинетіне дейін тасымалдауға арналған тоңазыту элементтері бар контейнерлер сатып алынды. Ақпан айына 6 мың доза және шілде айына дейін 150 мың доза алу жоспарлануда,-дейді ол.

Еріктілерге салынған қазақстандық вакцина клиникалық сынақтардың соңғы сатысынан өтуде, және, мақұлданған жағдайда, халықты иммундау үшін емханаларға жеткізілмек.

Мұндай жұмыстар жасалды және өз жалғасын табуда. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар талаптарын сақтаудың маңыздылығын тағы да атап өткім келеді. Ертеңгі күні қайтадан жұқтырып алу қаупінсіз қалыпты өмірге оралуымыз үшін, Алматы қаласының барлық тұрғындарын сақ болуға және алдын алу шараларын ұстануға шақырамын. Бүгінгі күні қол жеткізілген нәтижелерді пайдаланып, оларды нығайту маңызды рөл атқарады,-дейді  Табынбаев.
Өзгелердің жаңалығы