Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Ресейден Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның қандай көлемде және қашан жеткізілетінін айтты.
Елімізге ақпан айының басында ресейлік «Гам-Ковид-ВАК» («Спутник V») бірінші партиясы 20 мың дозаға дейінгі көлемде жеткіледі. ҚР аумағына бір жолғы жеткізу жолымен осы партияны жеткізуге Ресей тарапымен тиісті уағдаластықтар бар. 15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені өндіретін «Спутник V» вакцинасы тіркелетін болады. Қазірдің өзінде 90 мың доза көлемінде бірінші партияның өндірісі басталды, ол 26 ақпаннан бастап Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге жөнелтілетін болады. Кейін шілде айына дейін өндіріс көлемін 2 млн дозаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Алдын ала деректер бойынша аталған вакцинаның тиімділігі шамамен 92%-ды құрайды, - деді ол.
Бұған дейін Марат Шоранов «Спутник V» вакцинасын қандай жағдарларға салуға болмайтынын айтқан еді. Вице-министр сонымен қатар, соңғы екі айдағы көрсеткіш бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай төмендеп келетінін мәлімдеп, сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингі бойынша республикада желтоқсан айына қарағанда қаңтар айындағы өсім деңгейі 10%-ға артқанын жеткізді.