СOVID-19: Павлодардағы дәрі-дәрмек қоры қандай?

22 Қыркүйек 2021, 17:20
10464
Бөлісу:
СOVID-19: Павлодардағы дәрі-дәрмек қоры қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова хабарлады. 

Сондай-ақ ол аймақтағы індетпен күрес шараларына тоқталды.

Қазіргі уақытта аймақта коронавирустық инфекцияны емдеу және оқшаулау үшін 1 945 инфекциялық, 200 реанимациялық және 88 карантиндік төсек-орын бар. Ковидтік госпитальдарда 1 945 инфекциялық төсек-орынның 811-і жұмыс істеп тұр. Төсек-орындар 41,7%-ға толы. Бұл өткен аптаға қарағанда 48 науқасқа немесе 5,6%-ға аз. Ал реанимацияда 83 науқас жатыр. Реанимациядағы 200 төсек-орынның 41,5%-ы толы, - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.

Сондай-ақ медициналық ұйымдардың теңгерімінде 394 бірлік ӨЖЖ аппараты бар көрінеді.

Бүгінгі таңда 23 жүкті әйел стационарлық емделуде, оның екеуі ауыр халде, 21 жүкті әйел амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Облыс бойынша 184 бала ем алуда, оның ішінде стационарда – 55, амбулаториялық деңгейде – 129 баланы құрайды, - деді Айзада Құрманова.

Облыста 11 КТ және 82 рентген аппараты, 11 оттегі станциясы, 109 реанимобиль бар. Бүгінгі күні қуаттылығы тәулігіне 4000 зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін 8 зертхана жұмыс істейді. Облыстың медициналық ұйымдарында дәрілік заттар мен жеке қорғаныс құралдарының қоры кемінде 45 күнге жетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында мыңнан астам жүкті әйел коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы