СOVID-19: Қазақстанға тағы да 8 млн доза вакцина жеткізіледі

3 Тамыз 2021, 10:03
3782
Бөлісу:
СOVID-19: Қазақстанға тағы да 8 млн доза вакцина жеткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы халықты вакцинациялау жалғасуда.

Елдегі вакцина салдыру қарқынын баяндаған Денсаулық сақтау министрі халықтың қанша пайызы екпе салдыруда белсенділік танытқанына тоқталды.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда вакцинаның 9,4 млн дозасы қолданылды. Оның ішінде, І компонентті 5 480 094 адам салдырған, бұл вакцина салдыруы тиіс халықтың 55,4%-ын құрайды. ІІ компонентпен 3 941 941 адам немесе екпе алуы тиіс халықтың 39,8%-ы қамтылған, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, 4 млн адам үшін қосымша тағы да 8 млн доза вакцинаны жеткізуге келісімшарт жасалғанын жеткізді.

Кестеге сәйкес жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты елімізде халықтың вакцинацияға қолжетімділігі жеткілікті мөлшерде деп айтуға болатын көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қай өңірлерде жағдайдың аса күрделі екендігі туралы жазған болатынбыз.

3 тамыздағы жағдай бойынша, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 56%, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 44%-ды құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы