Сотталушы Жасақ бастығына пара ұсынған

26 Қараша 2020, 10:32
2149
Бөлісу:
Сотталушы Жасақ бастығына пара ұсынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасақ бастығына пара ұсынған жазасын өтеуші құрықталды, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Таразда өңірлік ҚАЖ департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізген жұмыстарының нәтижесінде сотталған азаматтың түрме қызметкеріне пара беру дерегі анықталды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеуші аталған мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу жасағының бастығы әділет капитаны Жансерік Бейсенбековке 10 мың теңге көлемінде пара ұсынып жатқан жерінде қолға түсті. 

33 жастағы бас бостандығынан айырылған азамат сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған ұялы телефонды кіргізуге рұқсат етуі үшін осындай қадамға барған. Ол ақшаның қалған бөлігін банк картасына аударатынын жеткізген. Сөйтіп ол тағы бір қылмыс жасап алды. Қазір оқиға бойынша ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Жамбылда бұған дейін пробация қызметкерлеріне пара ұсыну деректері әшкере болған.

Өзгелердің жаңалығы