Сөмкесінде есірткі сақтаған азамат ұсталды

30 Желтоқсан 2020, 04:40
2277
Бөлісу:
Сөмкесінде есірткі сақтаған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында «Буран-135» патрульдік экипажының қызметкерлері есірткі тасымалдаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Буран-135» патрульдік экипажының қызметкерлері таксиден түсіп бара жатқан жас жігіттің өзін оғаш ұстайтынын байқап, оны тексеру туралы шешім қабылдаған.
Біз жас жігітке жақындаған кезде ол қатты қобалжыды. Құжаттарын тексеру кезінде ол кенеттен рюкзагын лақтыра сала қашты. Алайда біз оны дереу қуып жетіп, қоршап алдық. Рюкзактың ішін тексергенде өсімдік тектес зат табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысы алынған заттың марихуана екенін растады. Бостандық ауданының полиция басқармасында осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров.

Өзгелердің жаңалығы