Жұмыс беруші қызметкерге скринингтен өтуге уақыт бөлуі керек

15 Маусым 2020, 18:01
1937
Бөлісу:
Жұмыс беруші қызметкерге скринингтен өтуге уақыт бөлуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс беруші қызметкерге скринингтен өтуге уақыт бөлуі керек. 

Бұл туралы ҚР ДСМ Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институты басқармасының басшысы Диляра Қайдарова онлайн брифинг барысында мәлімдеді. 

Скринингтен өту мәселесі бүкіл қоғам үшін аса маңызды болып отыр. Ол алдын ала диагностиканы анықтап береді. Ол тек обырды ғана емес, қант диабеті, қысымның көтерілуі сынды диагноздарды анықтайды. Сондықтан да, жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтен өтуге уақыт бөлулері керек. Бұл онкологтардың ұсынымы. Оған көп дегенде 2 күн уақыт кетеді. Ол қант пен холестерин деңгейін тексереді. Сондай-ақ, онкологиялық ауруларды анықтайтын скринингтер бар. Ол 10 жылдам астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. 2018 жылдан бастап скринингтерді алудың тәртібі өзгерген болатын. Бұл скринингтерден өту үшін 2 күн ғана қажет. Жұмыс беруші үшін бір қызметкерін 365 күннің 2 күнінен босатса, қиын емес деп ойлаймын, - деді ол. 

Оның айтуынша, онкологиялық науқастар саны артып жатыр. 

Жүрек-талма аурулары өлім-жітім бойынша бірінші орында тұр. Екінші орында жол-көлік оқиғасы болса, үшінші орында онкологиялық аурулардан көз жұму тұр. Үкімет біздің алдымызға осы үш санаттан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатын жүктеді. Егер адам дер кезінде тексеріліп, холестеринін өлшеп, уақытында қант диабетін анықтап, емделсе, барлығы тегін жүзеге асырылады. Бұл онкологиялық ауруларға да қатысты, - деді Қайдарова.

Оның айтуынша, әрбір емханада профилактикалық бөлім жұмыс істейді. 

Мен өзім бұл скринингтерден өтіп шықтым. Өңірлерге барып, қалай жұмыс істейтінін көрдім. Барлық тексеріс жылдам өткізіледі, - деді ол.
Бұған дейін Диляра Қайдарова онкологиялық науқастар арасында 8 адам вирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы