СҚО-да спорттық нысандарды салуға 2 млрд 995 млн теңге бөлінді

12 Мамыр 2021, 11:00
2292
Бөлісу:
СҚО-да спорттық нысандарды салуға 2 млрд 995 млн теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Оның 885 миллионы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша бөлінсе, 2 млрд 110 млн теңгесі «Жұмыспен қамтудың жол каратсы» бағдарламасы аясында.

Бұл қаражатқа Айыртау, Аққайың, Есіл, Жамбыл және Шал ақын аудандарында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтап, Петропавл қаласы мен Мамлют, Тимирязев пен Ғабит Мүсірепов аудандарындағы спорттық нысандардың құрылысын бастау көзделген.

Былтыр облыста 7 спорттық нысанның құрылысы басталған болатын, атап айтсақ 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 1 жабық хоккей корты. Тайынша қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Новоишим ауылындағы жабық хоккей корты пайдалануға берілді. Сондай-ақ Саумалкөл ауылында 500 көрерменге шақталған стадион мен Жамбыл, Тайынша, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында жабық хоккей кортының құрылысын жоспарлап отырмыз, - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарамсы басшысының орынбасары Қайрат Мұстафин.

Қазір Петропавлдағы «Береке» ықшам ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 450 млн теңге бөлінген екен, құрылыс биыл шілдеде басталып, 2022 жылы тапсыру көзделген.

Жоспардан ауытқушылықтар бар, бірақ оларды тез арада шешу үшін барлық шара қолданылуда. Саумалкөл ауылындағы нысанның құрылысы былтыр аяқталуы тиіс еді, өкінішке қарай, кешігіп жатыр. Смирнов ауылындағы кешеннің құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалды. Бұл жобаның құны 494 млн теңге. 6 шілде күні ашу жоспарланған. Басқа нысандарда да кешеуілдеу болғанымен, жұмыстар жүріп жатыр, - деді Қайрат Мұстафин.

Құрылыс және сәулет басқармасы мамандарының айтуынша, кешеуілдетудің басты себебі мемлекеттік сатып алу процестерінің ұзаққа созылуынан орын алған. 

Қазір қаражат бөлінді, ендігі мақсат - жұмыстарды жоспарға сай аяқтау.

Өзгелердің жаңалығы