Аукцион. СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын бір теңгеге бағаланған

24 Қазан 2021, 12:45
6829
Бөлісу:
Аукцион. СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын бір теңгеге бағаланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласындағы көгалдандырумен айналысатын мемлекеттік кәсіпорындардың бірі небәрі бір теңгеге бағаланды. 

Енді құрылтайшысы Мамлют ауданы әкімдігі болатын «Мамлютское 1» ЖШС аукционда жеке меншікке сатылады. Бұл туралы Petropavlovsk.news порталы жазды. 

Кәсіпорынды сату бойынша аукцион 4 қарашада өтеді. Мойнында қарызы болғандықтан «Мамлютское 1» ЖШС балансындағы ғимараттар, автомобильдер, тұрмыстық техниканың құны 1 теңгеге бағаланған. Аукционда кәсіпорынның бастапқы бағасы небәрі 100 теңге болады. 

Аукцион. СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын бір теңгеге бағаланған

Өткен жылы бюджетке алты миллион теңгеге жуық салық төлеген мемлекеттік кәсіпорынды су тегінге беретіндей белшесінен қарызға батып кеткені қалай? Бұны енді құрылтайшысынан анықтау керек, - деп жазды басылым. 
Аукцион. СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын бір теңгеге бағаланған

Adata.kz қызметінің хабарлауынша, 2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алуға қатысу нәтижесінде компания жалпы сомасы 32 млн теңге болатын 31 шарт жасасқан. 

Аукцион. СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын бір теңгеге бағаланған

Өзгелердің жаңалығы