Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте шетел аумағында жүрген 1248 босқын Сирияға қайтып келген. Бұл жайында босқындарды қабылдау мен оларды орналастыру орталығы хабарлады.
«Өткен тәулікті Сирия Араб Республикасына шетелде жүрген 1248 босқын оралды, соның ішінде Ливаннан – 342 адам (103 әйел және 175 бала), Иорданиядан 906 адам келді»,-делінген хабарламада.Сондай-ақ елдің ішінде жүрген 66 сириялық орталыққа көмекпен келген.
Орталықтың мәліметінше, Сирия қарулы күштерінің инженерлі құрылымы тәулік ішінде 2,6 гектар жерді минадан тазартып, 21 жарылғыш заттың көзін жойған.
Сонымен қатар, Қадыров атындағы қайырымдылық қоры Сириядағы қаза болған 15 әскеридің отбасына азық-түлік таратқан.