3-7 маусым аралығында симптомсыз 1357 науқас тіркелген

8 Маусым 2020, 18:14
1621
Бөлісу:
3-7 маусым аралығында симптомсыз 1357 науқас тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік бас санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. 

3 маусымнан бастап біз коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарға қатысты жеке есеп жасай бастадық. Ол симптомы бар және симптомы жоқ науқастар. Бүгінде елімізде жалпы 12 859 науқас тіркелген, осы арада бір нәрсеге назар салғым келіп отыр, бұл статистика 3 маусымнан бастап жасалды. Оған дейін симптомы бар және симптомы жоқ науқастардың жалпы саны – 11 796, - деді ол. 

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, 3-7 маусым аралығында симптомы жоқ 1357 науқас тіркелген. 

Жалпы, жұқтыру жағдайының 45%-ы науқастармен байланыста болғандар арасынан анықталғандар, 40%-ы профилактикалық тексеру нәтижесінде анықталғандар, ал, 10%-ы медициналық ұйымға ауру белгілерімен жүгінгендер, 5%-ы сырттан келгендерге тиесілі, - деді ол.

Бас санитардың мәліметінше, қазіргі таңда 5427 адам тиісті ем-дом шараларын қабылдап жатыр, 7484 адам (53%) жазылып шыққан. Дәл бүгін 108 адам үйге шығарылды.

Айта кетсек, бұған дейін Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыдағы өзгерістер жайында айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы