СІМ Кореяда қайтыс болған қазақстандық туралы пікір білдірді

27 Ақпан 2020, 12:01
5087
Бөлісу:
СІМ Кореяда қайтыс болған қазақстандық туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы консулдық қызметкерлерге көмек сұрап жүгінген.

Бұған дейін Корея Республикасында ем қабылдап жатқан қазақстандық әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. 
Бұл сұрақ біздің назарымызда. Қазақстан азаматы денсаулығына байлынысты қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт емделген. Пусан қаласында қайтыс болған. 21 ақпанда біздің елшілікке жұбайының өлімін тіркеу үшін қайтыс болған әйелдің күйеуі жүгінген. Кейін 25 ақпанда күйеуі тағы елшілікке жүгінген. Ол кореялық емханаға 45 млн вон (40 мың доллар) ақша төлеуге көмектесуді өтінген. Бірақ Сыртқы істер министрлігінің құзыретінде шетелде емделгендердің ақысын төлеу қарастырылмаған. Сондықтан бұған біз көмектесе алмаймыз, - деді Смадияров.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Кореяда жүрген қазақстандықтар туралы айтып, елге тезірек оралуын сұрады. Қазіргі кезде Оңтүстік Корея әуе рейстерін шектемеді, дегенмен рейс саны қысқарса, қазақстандықтарға елге қайту қиын болады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ. 
Өзгелердің жаңалығы