Сібірдегі өрт аумағы бір тәулікте 40 мың гектарға ұлғайған

8 Тамыз 2019, 17:55
2191
Бөлісу:
Сібірдегі өрт аумағы бір тәулікте 40 мың гектарға ұлғайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сібірдегі орман өртінің аумағы 42,8 мың гектарға артып, 1,58 млн гектардан асып кетті.

Бүгінгі мәлімет бойынша, Иркутск облысында 74 өрт ошағы тіркелген. Олардың жалпы аумағы сөндіріліп жатқан аумақта 113 526 гектарды құрайды. Бұған қоса, ғарыш мониторингі зонасында 552 731 га аумақта 58 өрт ошағы тіркелді. Красноярск өлкесінде де өрт өршіп келеді. Алтай өлкесінде, Томск облысында, Иркутск облысында да орман өрті сөндірілуде. Бұл туралы ТАСС федералды Авиаорманкүзетке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 7 тамызда Сібірдегі орман өртінің жалпы көлемі 1,54 млн гектарды құраған болатын. Қазір өрт ошақтары сөндірілуде. Иркутск облысы мен Красноярск өлкесінің бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген. Ресей Федерациясының үкіметі тілсіз жаумен күресуге қосымша қаржы бөліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы