Қазақстанның басым бөлігін Сібірдегі өрттің түтіні басты

28 Шілде 2019, 16:26
2342
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігін Сібірдегі өрттің түтіні басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары Сібірдегі орман өрті салдарынан Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарындағы ауа сапасы нашарлап кеткенін хабарлады.

NASA-ның Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған суреттер 26 шілдеден бері жалын құшағында қалған орман аумағы ұлғайып бара жатқанын көрсетті. Өрттің түтіні батысқа қарай таралуда. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласын, СҚО, ШҚО, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарын басып қалған түтін енді Қарағанды облысына тарап, әрі қарай Алматы облысының солтүстік аудандарына дейін жеткен. 

«Қазгидрометтің» экологиялық мониторинг стансаларынан алынған деректерге сүйенсек, Қазақстанның Ресеймен шекаралас аумақтарында ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерден асып кеткен. 

Облыстарда максималды бөлшек коцентрациясы (Шекті рұқсат етілген концентрация) 

4364576869789_axd1ZUiN.jpg     

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында ауада ластайтын заттардың жиналуына мүмкіндік беретін қолайсыз метеожағдай қалыптасты. 

1907281457147120f.jpg

Аталмыш облыстарда оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 6 метрге жететін жел байқалады. Көптеген өңірде жаңбыр жаумаған, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында түтін байқалады. 

Өзгелердің жаңалығы