Бас жаңалықтар
Шымкентте пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
VIDEO
24 Қазан 2020, 14:01 276

Шымкентте пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1 393 жолаушы болған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте сағат 12.49-да пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. 


Еске сала кетейік, 24 қазан күні түнде 14 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын, салдарынан 7 жолаушылар пойызының қозғалысы кешіктірілді.

Атап айтқанда:

1. Шымкент станциясында Ақтөбе - Алматы №34 жолаушылар пойызы 9 сағатқа, Қызылорда-Петропавл №76 пойызы 7 сағатқа кешікті.

2. Қорғасын станциясында Қызылорда-Көкшетау № 56 жолаушылар пойызы 5 сағатқа кешікті.

3. Қызылсай  станциясында Алматы-Ақтөбе №23 жолаушылар пойызы 8 сағатқа кешікті.

4. Манкент-2 станциясында Алматы - Шымкент №11 жолаушылар пойызы 5 сағатқа, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш №85 пойызы 1,5 сағатқа кешікті.

5. Састөбе станциясында Алматы-Ақтөбе № 33 жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті.

Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1 393 жолаушы болған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды, – делінген министрлік ақпаратында.
 

Фото: дереккөз
Загрузка...