Шымкентте АӘК құжаттарын 7 орталықта қабылдап жатыр

28 Сәуір 2019, 17:09
4437
Бөлісу:
Шымкентте АӘК құжаттарын 7 орталықта қабылдап жатыр
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте сәуірдің алғашқы үш аптасында атаулы әлеуметтік көмек алуға 20405 адам құжат тапсырған. Барлығы 38 мыңға жуық адам осы атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес алыпты. 

Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиевтің қатысуымен өткен баспасөз брифингінде мәлім болды.

Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, аудан әкімдіктерінен құрылған учаскелік комиссиялар, әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың не отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жұмыстарын бастапты.

«Ақпараттық жүйелерде мәліметтер (туу туралы куәлік, жеке куәлігі, т.б)болмаған жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтары тиісті мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады. Бұл үшін Е-халық ақпарат жүйесін пайдаланады. Мұнымен қатар, жұмыспен қамту орталығында цифрлық кабинетте көп балалы аналарға цифрлық сауаттылығын нығайту бойынша тегін курстар жүргізіліп жатыр»,- дейді Гүлжан Құрманбекова.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына Елбасының тапсырмасын кеңінен насихаттау мақсатында 4 аудан әкімдігінде және басқармаларда «Ашық есік» күндері өтуде. Әр аптаның сәрсенбі күні қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова халықты жұмыспен қамту орталығында тұрғындармен жеке қабылдайды.

Ал,қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиевтің айтуынша, қаладағы 7 орталықта әр күні толассыз келіп жатқан тұрғындарға кеңес береді және құжаттарын қабылдайды.

Ол жеті орталық мына мекенжайларда орналасқан:

1.     Абай ауданы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсетубойынша № 1, мекен- жайы: Мадели қожа көшесі, 1г.

2.     Әл-Фараби ауданы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, мекен-жайы: Ш.Қалдаяқов көшесі, 13а үй.

3.     Әл-Фараби ауданы,Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, мекен-жайы: Республика даңғылы, 13а үй.

4.     Еңбекші ауданы,«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсетубойынша№8, мекен-жайы: Қапал батыр көшесі, 4 үй.

5.     Еңбекші ауданы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, мекен-жайы: Шығыс мөлтек ауданы, Жолан батыр көшесі, н/з.

6.     Қаратау ауданы, әкімшілігі, Мекен-жайы: Нұрсәт м/а, Бәйдібек би, 60 үй

7.     Қаратау ауданы, Халықты жұмыспен қамту орталығы, мекен-жайы: Бәйтереков көшесі, 89 үй.

Өзгелердің жаңалығы