Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақшы болған күдікті 8 жылға сотталуы мүмкін

21 Желтоқсан 2020, 12:44
1996
Бөлісу:
Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақшы болған күдікті 8 жылға сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше әлеуметтік желілерде Шымкенттегі үйлердің бірінің подъезінде 70 жастағы әйелге жасалған шабуылдың видеосы пайда болған. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, қазіргі кезде күдікті ұсталған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің аты-жөнін анықтау мен ұстау үшін бірқатар шара қабылдады. Соның нәтижесінде кеше күдікті ұсталды. Ол 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Одан бөлек, тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің жәбірленушінің қалтасынан 8000 теңгеге жуық ақша ұрлағаны анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады,- деді Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамауда отыр. 

Аталған жайттар бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабының екінші бөлігінде және 120-бабының бірінші бөлігінде көзделген, тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр,- деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы