Қазақстанда шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада рапид пен блиц бойынша жоспарланған 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды.</h4>

 9 Желтоқсан 2021 2021, 22:37
9 Желтоқсан 2021 2021, 22:37
1898

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада рапид пен блиц бойынша жоспарланған 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды.

Бұл туралы халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Twitter-де мәлімдеді.

Жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасында өтуі тиіс болатын.

Оған 50 елден 200-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған бұрынғы және қазіргі әлем чемпиондары бар.

Жарысты тоқтату себебі – коронавирусқа қатысты шектеулер.

FIDE бұл турнирді өткізу үшін балама нұсқалар ұсынатынын хабарлады.

Наверх