Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

27 Сәуір 2021, 20:38
2643
Бөлісу:
Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ресми түрде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына (ҰШМҮО) өтеусіз негізде 5 мамандандырылған жедел медициналық жәрдем автомобилін тапсырды.

Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

Қазіргі заманғы автомобильдер барлық қажетті медициналық жабдықпен жабдықталған, оның ішінде дефибрилляторлар, жүрек соғу жиілігін бақылаудың толық жүйесі, пульсоксиметрлер, портативті өкпені желдету аппараттары және оттегі баллондары.

Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

Денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиният қазіргі уақытта Үкімет Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырып жатқанын атап өтті. 

Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. БҰҰДБ СІМ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметін пандемияға қарсы күресте қолдау мақсатында гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау министрлігінің атынан және жеке өз атымнан пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықты айқын көрсететін аталған жәрдем үшін алғысымды білдіргім келеді, - деп атап өтті А.Ғиният.

Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

Денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. БҰҰДБ халықтың неғұрлым осал топтары үшін COVID-19 әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау бойынша жұмыс жүргізуде. Өткен жылдың тамыз айында Нұр-сұлтан қаласының фтизиопульмонология орталығына медициналық қалдықтардың қауіпсіз айналымы үшін жабдық (автоклав) берілді, - деп атап өтті БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш автомобильдерді тапсыру рәсімі кезінде.

Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

Машиналар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің сұрауы бойынша сатып алынғанын айта кету керек. 

Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

Қазақстан бұл қадамды, сондай-ақ Қазақстандағы коронавирус пандемиясының салдарын жұмсарту бойынша БҰҰДБ тарапынан басқа да жедел қолдау шараларын жоғары бағалайды. Бүгінгі іс-шара Қазақстанның БҰҰ-мен табысты ынтымақтастығының іс жүзіндегі көрінісі болып табылады, оның 30 жылдығын келесі жылы атап өтетін боламыз - дейді ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов.

Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

Жаңа жедел жәрдем көліктері Нұр-Сұлтан қ. ҰШМҮО автопаркіне беріледі, сондай-ақ Алматы қ. ҰШМҮО өкілдігіне жіберіледі.

Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Нұрлан Ахильбековтың айтуынша, орталықтың басты міндеті-еліміздің ұзақтығы мен медициналық мекемелердің қашықтығы жағдайында халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету. 

Жыл сайын медициналық авиация күшімен 3000-4000-ға жуық медициналық қызмет көрсетіледі, бұл ретте пациенттерді медициналық ұйымнан әуе кемесіне дейін және кері тасымалдау жедел медициналық жәрдем автомобильдерімен жүзеге асырылады. Медициналық авиация пациенттерінің басым саны-бұл ауыр және аса ауыр жағдайдағы пациенттер. Автопаркті жаңарту медициналық қызметтердің сапасын, пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді - деп атап өтті ол.
Шұғыл медицина орталығына жаңа көліктер берілді

Өзгелердің жаңалығы