ШҚО-дағы өрт: Екі ер адамды күйік шалып, жергілікті ауруханаға жеткізілді

10 Мамыр 2021, 20:15
1134
Бөлісу:
ШҚО-дағы өрт: Екі ер адамды күйік шалып, жергілікті ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы орман өртеніп жатыр. Желдің қатты екпіні салдарынан өрт Лесхоз кентіне жайылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өртті сөндіру екпіні 20 м/сек жететін қатты жел қиындатуда. Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне жайылды. Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады, - делінген хабарламада.

Өрттің ошағында, орманда орман шаруашылығы жеке құрамының, жергілікті атқарушы органдардың және 118 өрт сөндіруші  және 20-дан астам техника жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 гектар өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиа орман күзетінің 2 тікұшағы келді, 17 500 текше метр су төкті.

Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам күйік шалып, жергілікті ауруханаға, жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері төбеден 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тауып алды, мән-жайлар мен деректер нақтыланып жатыр, - деді ТЖМ.

Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы