Шетелге шыққан 5913 турист дер кезінде қайтарылды

2 Сәуір 2020, 13:17
1805
Бөлісу:
Шетелге шыққан 5913 турист дер кезінде қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы төтенше жағдай  кезіндегі туристік қызметтер мен шетелдерден қайтарылған демалушылар жайында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн брифинг барысында атап өтті.

Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап, қазақстандық барлық демалушылар үйлеріне асыққаны рас. Бұл ретте мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қамқорлығын айта кету керек. 
Кешенді іс-шаралардың арқасында біз елде төтенше жағдай жарияланған тұста шетелге шыққан 5913 туристі дер кезінде ұйымдастырылған түрде үйге қайтардық. Оның 1821 жоспарлы түрде қайтарылса, 3748-і арнайы ұйымдастырылған 19 чартерлік рейспен әкелінді. Тағы 342 адамды шетелдік әуе тасымалдаушылармен келісіп, арнайы бағыттар арқылы елге жеткізілді, -деді спикер. 

Елге жеткізілген әр турист Қазақстанның санитарлық қызметі бекіткен ережелерге сәйкес тексеруден өткен. Министр еліміздің туристік салаға  жасалып жатқан қолдауы туралы да айтып өтті. 

Сонымен қатар, министрлік индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып, отандық және шетелдік әуе тасымалдаушылардың қатысуымен кеңес өткендігін айтты. Ол жерде бірауыздан шетелге шыға алмай қалған демалушыларға алдын –ала алған билеттерді айыппұлсыз қайтару жөнінде шешім қабылданды.
 
Осындай түйткілді мәселелерді шешу үшін біз турагенттік өкілдермен бірге заңнамалық бағыттағы жұмыстарды атқарып келеміз. Сонықтан министрлік турагенттіктермен төтенше жағдайдан кейінгі кезеңді ішкі туризмді дамыту  мәселелерін пысықтап отыр, -деді министр.
 
Сондай-ақ, брифингте болашақта шетелге шығуға әртүрлі турпакеттер жасауға үлкен мүмкіндіктер бар екендігі де айтылды.



Өзгелердің жаңалығы